Темекіге жол жо»
16-наурыз, сәрсенбінің сәтті күнінде Студенттiк өзiн-өзi басқару ұйымымен ұйымдастырылған жастар арасында шылым шегуге қарсы «Темекіге жол жоқ» акциясын өткізді. Өмірдің жарқын шақтарын, адамзат баласының қуанышын насихаттауға бағыттап, шылымды мұз кәмпиттерге ауыстырды. Акция барысында Университеттің барлық ғимараттарында тематикалық видеосюжеттер көрсетіліп, шылым шегудің зияны жөнінде ақпараттық үндеухаттар мен буклеттер таратылып, салауатты өмір салтын ұстануға және шылым шегуден бас тартуды насихаттайтын плакаттар ілінді.
Аталмыш шара ШҚМТУ-да бірінші рет өткізіліп отыр, оның алғашқы ұйымдастырушылары болып Университетіміздің Студенттiк өзiн-өзi басқару ұйымының мүшелері болды.
Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – жастар қауымы арасында адамдардың өмірін қыршынынан қиып жатқан темекі дертімен күресу қадамдарын кеңінен насихаттау. «Жұмсақ», «жеңіл», «жалбыз қоспасы бар» темекі түрлері денсаулыққа өте зиянды екендігін естен шығармаңыздар!
Жас достар! Шылым шегуге қарсы күрес жүргізу - біздің қолымызда, өйткені біз жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз... Ойланайық! Санамызға сала пайымдайық!
СӨБ-ң ақпараттандыру секторы Ахметова Дина, Сәулет-Құрылыс факультеті, 08-СДк тобы