Университет жастарының ұлы бастамасы
Қай уақытта, қай қоғамда болмасын жастар мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі
болып қала бермек. Өйткені еліміздің ертеңі жастарымыздың қолында. Болашақ жастардың қолында
десек, ертеңгі келешегімізді заманымыздың қазіргі талабына сай ғылым мен техниканы
жетік меңгерген жастар басқаратыны айдан анық.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Тәуелсіз Қазақстанның жастары, нақ сендер
елдің ең басты байлығы болып табылатындарыңды және біздің Отанымыз –
Қазақстан Республикасының болашағы сендерге байланысты екенін есте ұстаңдар!» -
деген сөзі жастарға сеніммен қоса үлкен міндеттер жүктейді.
Жылдан-жылға жастар саясатына ерекше маңыз берілуі осының айғағы.
Осыған байланысты арнайы ШҚМТУдың студенттiк өзiн-өзi басқару ұйымының ұйымдастыруымен «
Студенттiк өзiн-өзi басқаруды дамыту мен бiрлескен шараларды өткiзу»тақырыбында 26 ақпан күні
ШҚМТУ-да Өскемен қаласының ЖОО-ларының дөңгелек үстелі өтті. Бұл дөңгелек үстелінде
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Қазақстан - Американдық еркiн университет,Мәскеу мемлекеттiк университетi,
Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжi,Экономика және қаражат колледжi, Көлiк және тіршілік әрекет қауiпсiздiгiнiң колледжi,
Кәсiпкерлiк және құқық колледжi,ШҚО Политехникалық колледжі қатысты. Дөңгелек үстел өткізудегі мақсатымыз
алдағы бірлесіп атқаратын жоспарларды айқындау, талқылау, ұсыныс-пікірлерді жинақтау. Сондай-ақ, студенттiк өзiн-өзi
басқарудың жұмыстарына бағыт-бағдар беру болатын. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы ғана жұмыстың тиімділігі артатыны белгілі.
«Өскемен қаласының белсенді жастары»-деген айдармен жастарға арнайы қоғамдастық ұйымдастырылып,
жастар арасында атқарылған іс-шаралар, жастар өміріне қатысты қызықты оқиғалар жарияланып тұрады.
Сондай-ақ, жастарға патриоттық тәрбие беру ісіне айрықша ден қойылуда. Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жыл
басынан бері кең көлемді патриоттық шаралар ұйымдастырылуда. Мәселен, «Бiз бiр халықпыз – бiз бiр жанұямыз!»
тақырыбымен НурОтанның қалалық филиалы фотоконкурс ұйымдастырып отыр.Ол 28.02.2011-07.03.2011мерзiм аралығында өткiзбек.
-
Халықтардың достығы (бiрлiк),
-
Демалыс (бос уақыт),
-
Әсем көрiнiс (сенiң қолыңдағы әлем),
-
Тарих (ретро),
-
Бiздiң балалар
атты 5 номинациялық фото жұмыстар қабылданыды. Шығармалары үздік деп танылған қатысушыларға жүлделі орындар
беріліп, арнайы сыйлықтармен және мақтау мадақтамасымен марапатталады.
Ал қалалық филиалы МК «ЖасОтан» және Өскемен қаласының әкiмшiлiгiнің бірлесуімен
«Қаттырақ қарсы алыңыз!
Жақсы билеңiз!
Жоғары секiрiңiз!»
деп алынған ұранмен Өскемен қаласының черлидинг бойынша чемпионат өткізетіні туралы айта кетті.
Алдағы уақытта да студенттiк өзiн-өзi басқарудың құрылымына, өз қызметiнде жиналған мәселелердiң талдауына байланысты
мақсатты істер өз жалғасын таба беретін болады. Және әр ЖООның өкiлдерімен осындай дөңгелек үстелінде әр айдың соңғы
сенбі күнінде бас қосатымызды шештік.
Сондықтан білімді, парасатты, патриоттық рухы биік, белсенділігі жоғары, ұлттық сананы ту еткен жастарымыз неғұрлым
көп болса, болашағымызда соғұрлым кемел де жарқын болатынына күмәніміз жоқ.