Негiзгi бет >> Құрметті студенттер мен магистранттар!

Құрметті студенттер мен магистранттар!

Университетте ТЕМПУС жобасының жоғары оқу орындарындағы студенттiк өзiн-өзi басқаруды дамыту саласында «СТУДИК» халықаралық бағдарламасына қатысу үшiн кандидаттарының таңдауы жүргiзiлуде.

Конкурстық таңдау екi кезеңнен тұрады:

1 кезең - ағылшын тiлiнің деңгейiн анықтау (жобаға қатысушыларды халықаралық семинарларға, форумдарға жолдау үшін);

2 кезең - әлеуметтiк сауаттылықтың және азаматтық жауапкерлiктің деңгейiн бағалау.

Жарысқа бакалавриаттың бағдарламасы бойынша оқып жүрген 2 курсын аяқтаған студенттер және магистратураның 1 курсын аяқтаған магистранттар қатыса алады.

Қатысушылардың өтініштері - 2013 жылдың 21 мамарына дейін қабылданады.

Сiз конкурстық таңдау туралы толық ақпаратты келесі бөлімшелерден  бiле аласыз:

  • Тәрбие жұмысы және әлеуметтiк даму департаменті - Бас корпус, Г-1-202 аудиториясы, телефон: 540-567;
  • Халықаралық ынтымақтастық бөлімі - Әкiмшiлiк корпус, 3 қабат, 301 бөлме, телефон: 26-25-33.
  • Сайт «ШҚМТУдың студенттiк өмiрі» (Студенттік өзін-өзі басқару).