Негiзгi бет >> «Жас математик - 2017» олимпиаданың нәтижелері

«Жас математик - 2017» олимпиаданың нәтижелері

ШҚМТУ-да Т.Жантасовты еске алуға арналған «Жас математик» олимпиадасы өтті

Zhantasov Біздің оқу орнымызда көптеген атақты адамдар еңбек етті. Солардың бірі, өмірінің 44 жылын біздің университетімізге арнаған математик Тұрсынбек Ғизатұлы Жантасов. Институттағы алғашқы қызметтік жылдары жоғары математика кафедрасындағы аға оқытушы, доцент, профессор лауазымымен, ары қарай мемлекеттік тілде білім беруінің меңгерушісі, ал 1995 жылдан бастап қазақ тілінде оқыту факультетінің деканы қызметімен жалғасты.

Тұрсынбек Ғизатовұлының адамдық және іскерлік қасиеттері: адамдар қызығушылығына деген көзқарас, әріптестері мен студенттерге деген қамқорлық, жауапкершілік университетте еңбек еткен жылдарында анық көрінетін. Тұрсынбек Ғизатұлы шебер ұйымдастырушы, білікті басшы ғана емес, сонымен қатар өз ісін жоғары дәрежеде меңгерген білгір маман иесі еді. Бірде-бір сөзін екі қайталамайтын, талапты да қатал қоятын, бірақ білімді өте әділ бағалайтын еді. Ұлттық намысты жоғары қоятын.

2012 жылдан бастап Тұрсынбек Ғизатовұлы  Жантасовты еске алуға арналған аймақтың мектеп оқушылары арасында  математикдан олимпиада өткізіледі.

22 сәуірде «Жас математик» олимпиадасының ашылуы болды.  Осы жылы 11 ауданнан, 132 қатысушы, 30 мектеп ат салысты.  Олимпиаданың ашылуын АТэБ факультетінің деканы Наталья Денисова жариялады. Тұрсынбек Ғизатовтің өмірі туралы бейнежазба көрсетілді.  Әділ-қазылар алқасының құрамына:  АТэБ факультетінің деканы Наталья Денисова -төраға,  қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Әсет Әділхан, доценттер  Ж.Т. Рахметуллина,  Р.У. Мукашева, аға оқытушы Р.О. Мұхамедова және оқытушы  Ж.А. Әскербекова  кірді. Олар олимпиаданы ұйымдастырып, қорытындысын шығарды. Олимпиада  2 турдан тұрды,  оның біріншісі қашықтықтан өткізілді.

Қорытындыны жариялау алдында оқытушыларға университет бойынша экскурсия жүргізілді.

Олимпиада қорытындысы келесідей:

АТӘ Мектеп Аудан Орын

1

Құмарова Жансая Оралбекқызы

«К. Билялов» атындағы гимназия

Тарбағатай

1

2

Ержанова Жансая Дулатқызы

«К. Билялов» атындағы гимназия

Тарбағатай

2

3

Айткалиев Мәди Бекзатұлы

Р. Марсеков атындағы орта мектеп

Ұлан

3

4

Дұзбаева Гүлжанат Бақытнұрқызы

«Маяковский атындағы орта мектеп»

Жарма

ынталандыру

5

Мамбетниязов Аймұрат

 

Жарма

ынталандыру

Оқушыларды олимпиадаға дайындағаны үшін сыйлыққа ие болған мұғалімдер

АТӘ Мектеп Аудан

1

Валиулина Бакытжан Аламбековна

«Бакырчик орта мектебі»

Жарма

2

Мукажанова К.Ш.

«Георгиевская атындағы орта мектеп»

Жарма

3

Нурханова Назгуль Калибековна

«К. Билялов» атындағы гимназия

Тарбағатай

Жүлделі орын алғандар I, II, III дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды және оқушыларды олимпиадаға дайындағаны үшін мұғалімдер де сыйлыққа ие болды.

Қорытындысында оқушылар мен мұғалімдер университетке алғыстарын айтты. Естелікке суретке түсті.

1 2 3

4 5 6