Негiзгi бет >> ШҚМТУ ректорының грантына арналған Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпидасы

ШҚМТУ ректорының грантына арналған Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпидасы

ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ!

СІЗДЕРДІ ШҚМТУ РЕКТОРЫНЫҢ ГРАНТЫНА АРНАЛҒАН Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ОЛИМПИДАҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

 

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ШҚ ӨҒПО «Дарын» орталығымен бірге 2015 жылы 11 мамырда 11 сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, география, сурет пәндері бойынша Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиадасын өткізетінін хабарлаймыз.

Математика, физика, химия, география, сурет пәндерінен берілген тапсырманың 70% орындап, бірінші орын алған қатысушылырға ШҚМТУ ректорының гранты тағайындалады, яғни ҰБТ-ны сәтті тапсырған жағдайда, бейіндік пәнге сай  кез-келген мамандық бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да тегін оқу құқығы беріледі.

ҰБТ-ны сәтті тапсырған жағдайда, сурет  бойынша жеңімпазға «Сәулет» немесе «Дизайн» мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының гранты тағайындалады.

Суреттен олимпиадаға қатысушылар сурет салуға арналған А3 форматты қағаз, жай және түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, бояулар - гуашь, акварель, т.б. қажетті заттарды  өздерімен алулары қажет.

Екінші, үшініш орын алған қатысушылар II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Барлық қалған қатысушыларға сертификат беріледі.

Барлық қатысушыларда  өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс.

Тамақтану, университетке дейін келу, қайту жол-көлік шығыны қатысушылардың есебінен.

Олимпиадаға қатысу үшін мектептен, келесі үлгі бойынша  толтырылған  тапсырыстар odp@ektu.kz электрондық адресы бойынша 2015 жылдың  мамыр айының 7 дейін қабылданады

 

Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиадаға қатысуға тапсырыс/strong>

Оқушының
аты-жөні
(толық)
Пән мұғалімінің
аты-жөні
(толық)
Оқытылатын тілі Пәннің атауы
_ _ _ _ _

 

 

Мектеп директорының аты-жөні (толық)_________________________________________________________

Мектептің атауы ____________________________________________________________________________

Мектептің электрондық мекенжайы _____________________________________________________________

Мектептің мекенжайы, байланыс телефондары_____________________________________________________

 

Қатысушыларды тіркеу 11.05.2015ж. сағат: 08.30 -09.00 дейін акт залында өтеді.
Олимпиаданың ашылуы сағат: 9.00де
Олимпиаданың жабылуы сағат: 16.00 де акт залында өтеді

 

Біздің мекенжай: Өскемен қаласы, Серікбаев к-сі, 19, Г1-136 кабинет. Тел: 8(7232) 54-02-85, электронды мекенжай odp@ektu