Негiзгi бет >> Республикалық ғылыми-көпшілік журналы

Республикалық ғылыми-көпшілік журналы

logo_EKSTU ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ им. Д. СЕРИКБАЕВА

 

ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ РЕГИОНАЛЬНЫЙ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКИЙ ЦЕНТР «ДАРЫН»

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТҰҢҒЫШ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖУРНАЛДАР «ЖАС ТАЛАП - KZ» ОРЫС ТІЛІНДЕ, «ЕЛ ЕРТЕҢІ - KZ»ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

 

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасымен және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен бірлесе «Жас талап -KZ» жобасын жасады.

Жобаның мақсаты: үздік қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми жетістіктерін насихаттау, оқушылардың интеллектуалды деңгейін арттыру, оларды түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен сайыстарға дайындау, қойылған мақсатқа жетуде шығармашылық ізденісті дамыту.

Жобаны іске асыру үшін Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУда жоғары сынып оқушыларына арналған орыс тілінде «Жас талап - KZ», қазақ тілінде «Ел ертеңі - KZ» журналдары басылып шығарылады. Аталған журналдар жоғары сынып оқушыларының математика, физика, химия, информатика, география, архитектура бойынша терең білім алуына, және сондай-ақ оларды ұлттық біріңғай тестілеуді сәтті тапсыру үшін дайындауға бағытталған. Журналда теориялық материал, олимпиада деңгейіндегі стандартты емес есептердің шешімдері, және де ұлттық біріңғай тестілеудің (ҰБТ) аса қиын тапсырмаларының шешімдері ұсынылады.

Оқушыларға түрлі рубрикалар ұсынылады: «Оқу үрдісі», «ҰБТға дайындық», «Олимпиадаға дайындық», «Мұра», «Алғырлар үшін», «Қызықты әрі күрделі», «Белгілі жайттың құпиялары», «Қызықты тәжірибелер», «Бағдарламашы клубы» т.б.

Ғылым мен техникаға шынайы қызығушылық танытатындар үшін «Жас ғалым», «Жас өнертапқыш» бөлімдерінде облыстық, республикалық және халықаралық интеллектуалды олимпиадалар мен сайыстардың жеңімпаздарының ғылыми жобаларының тезистерін жариялаймыз.

«Архитектура» бөлімі сурет пен сызудан шығармашылық емтиханды сәтті тапсыру үшін «Архитектура» және «Дизайн» мамандықтарына түсушілерге пайдалы болады.

«Жас талап - KZ» жобасы төңірегінде «Ел ертеңі - KZ» немесе «Жас талап - KZ» журналдарына жыл бойына жазылған Қазақстанның кез-келген аймағының 9-11 сынып мектеп оқушылары арасында ««Жас талап - KZ» көшбасшысы» конкурсы жүргізіледі. Конкурстың жеңімпаздары төрт номинация бойынша анықталады: «Математика», «Физи­ка», «Химия», «География». Оларға Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының гранты тағайындалады, яғни ҰБТ-ны сәтті тапсырған кезде бейіндік пәнге сай кез-келген мамандық бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да тегін оқу құқығы беріледі.

Мектептерде оқу бағдарламасы үнемі өзгеретіндіктен ҰБТда ұсынылатын тапсырмалардың қиындық деңгейі үнемі артуда, сондықтан  «Ел ертеңі - KZ» («Жас талап - KZ») журналы тек оқушыларға ғана емес, сондай-ақ жоғарыда аталған пәндердің мұғалімдеріне де пайдалы болады.

Биылғы оқу жылынан бастап журналдадың редакциялық алқасы мектеп мұғалімдерінің оқушыларымен бірлесе немесе жекелей жазған мақалаларын жариялауға қабылдайды.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ басшылығы мамандықтарға оқыту кезінде негізгі болатын пәндер бойынша мектеп түлектерінің білімі жоғары болуын қолдайды, өйткені бұл жоғары білікті мамандар-инженерлерді дайындау үшін өте маңызды болып табылады.

Сіздер қазақ тілінде «Ел ертеңі - KZ» (индекс - 74215), орыс тілінде «Жас талап - KZ» (индекс - 75480) журналдарына Казпочтаның бөлімшелерінде жазыла аласыздар! Сондай-ақ журналға жоғары оқу орнына дейінгі дайындау және университетке қабылдау бөлімі (Өскемен қ., Серікбаев көшесі 19, Г-1-136 кабинет) арқылы жазылуға болады. Журнал жылына 4 рет шығады. Жылдық жазылым - 1400 теңге. Аз қамтылғандарға, жетімдерге, балалар үйінің тәрбиленушілері үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Біздің мекенжай: 070010 Өскемен қ., Серікбаев көшесі 19, жоғары оқу орнына дейінгі дайындау және университетке қабылдау бөлімі, Г-1-136 кабинет, тел.: 8 (7232) 540-285, эл.адрес: odp@ektu.kz.