Негiзгi бет >> Жоғары білім алу үдерісінде бос білім беру грантын тағайындау туралы ақпарат

Жоғары білім алу үдерісінде бос білім беру грантын тағайындау туралы ақпарат

Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранты конкурстық негізде мамандық оқыту шектігінде осы мамандық бойынша ақылы түрде білім алып жатқандарға беріледі. Конкурс білім беру грантын беру туралы куәлік табыстау арқылы аралық атестаттау нәтижесі бойынша өткізіледі.

Бос білім беру грантын алу конкурсын өткізу кезінде оқу үлгерімінің орташа балының көрсеткіші бірдей болған жағдайда барлық оқыту кезеңінде тек А, А- («өте жақсы»), сонан соң А, А- («өте жақсы») - В+, В, В- («жақсы») бағалары бар білім алушылар ие болады.

Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранты жазғы және қысқы каникулдар кезеңінде конкурстық негізде мамандықтар бойынша университетте бар бос орындарға беріледі.

Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру грантын беру төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:

  • ақылы негізде білім алушылар деканатқа ЖОО басшысының атына білім беру гранты бойынша әрі қарай оқытуға өтініш, барлық оқу кезеңінің транскрипті мен жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін береді;
  • деканаттар қысқы және жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша келесі құжаттарды ұсынады:
    1. Оқудан шығарылған немесе қайтадан оқу курсына қалған студенттердің білім беру гранттарын беру туралы куәліктері;
    2. Конкурстық негізде бар бос орындарға ақылы түрде білім алушылардың және үміткерлердің жоо басшысының атына жазылған өтініштері;
    3. Жеке басты куәландыратын құжаттары;
    4. Барлық оқу кезеңдері үшін оқу үлгерімінің орташа балы көрсетілген транскриптері;
    5. Факультет кеңесі шешімінің көшірмелері.

       

  • жауапты тұлға ағымдағы жылдың 15 қаңтары мен 5 тамызына дейін оқу үдерісінде босаған бос білім беру грантын алуға қатысатын үміткерлер құжаттарын университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен бірге ҚР БжҒМ жібереді.

Нақты бір мамандық бойынша жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру грантын алуға үміткерлер болмаған жағдайда жазғы және қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша даярлаудың ішкі бағыты конкурстық негізде беріледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мәселе оң шешімін тапқан жағдайда білім беру грантын беру жөнінде бұйрық шығарады.

Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым министрінің бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бұйрығының негізінде білім беру грантын беру куәлігі ресімделеді.

Берілген білім беру грантын беру куәлігі негізінде офис-тіркеуші білім беру гранты бойынша әрі қарай оқуға бұйрық шығарады.

2016-2017 оқу жылы қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша бар бос білім беру гранты туралы мәлімет

2016-2017 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы қорытындылары бойынша 24 мемлекеттік білім беру гранттары босады. Барлығы конкурсқа 24 үміткер қатысты, университеттің Оқу Кеңесінде бекітуге барлық оқыту кезеңінде ең жоғары GPA көрсеткіші бар 24 студент жіберілді.

Жоғары білім үдерісіндегі бос білім беру грантының иегерлері болған студенттердің тізімі